NoFake

Азаматтардың тыныштығын бұзған мейрамханалар биыл қанша айыппұл төлейді

Medium shot girl couch screaming

Фото: freepik.com

Жаңа жылдан бастап бизнес субъектілері тыныштықты бұзғаны үшін 20-100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды nofake.kz/. 

Елімізде «тыныштық сағатын» бұзған жеке азаматтар мен бизнес субъектілері айыппұл төлейді. 2026 жылы ол қанша көлемде болады? Төменде тарқатамыз.

Қазақстанда тұрғын-үйлер мен ондағы дәмхана, бар, мейрамханалар үшін тыныштық уақыты жұмыс күндері 22:00-9:00 аралығы деп есептеледі. Яғни, аталған бизнес субъектілері осы уақыт аралығында тұрғын-үйдегі азаматтарға шу шығарып кедергі келтірмей, тыныштық сақтауға міндетті. 

Мұндай шуға – даңғырлаған музыка, айғай-шу мен төбелес, жөндеу жұмыстары, фейерверк жатқызылады. 

Ал, мереке күндері жоғарыда аталған бизнес субъектілері түнгі 23:00-ден таңғы 10:00-ге дейін тыныштық сақтауы тиіс. Егер олар тыныштықты бұзып, шу шығарса, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 437 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, яғни, айыппұл төлейді. 

2026 жылдан бастап айыппұл көлемі төмендегідей болады: 

1 АЕК – 4325 теңге;

Жеке тұлғалар – 5 АЕК – 21 625 теңге;

Бизнес субъектілері – 20-тен 100 АЕК-ке дейін – 86 500 теңгеден 432 500 теңгеге дейін.

Бір жыл ішінде аталған заң бұзушылық қайталанса, айыппұл көлемі екі есе артады. 

Аталған заң түнгі және мереке күндеріне де қатысты болып отыр. Тіпті, көршіңіздің өзі құзырлы органдарға шуды бұзғаныңыз үшін, арыз жазып, шағымданса, айыппұл төлеуіңіз әбден мүмкін. 

Оқу үшін