NoFake

Азаматтардың банктердегі кредиті есептен шығарылады — жалған 

Фото: freepik.com

Желіде тарап жатқан азаматтардың екінші деңгейлі банктердегі кредиті есептен шығарылады деген ақпарат жалған, деп хабарлайды nofake.kz/. 

Әлеуметтік желілерде азаматтардың екінші деңгейдегі банктердегі кредиттері есептен шығарылады деген ақапарт тарап жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі аталған ақпаратты жоққа шығарды. 

«Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз», — делінген хабарламада. 

Ведомство Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделгенін еске салады. 

Оқу үшін