NoFake

Айдос Сарым Жаңа Конституциядағы «Халықаралық келісімге» қатысты бапты түсіндірді

UdG1viG69SqKMS7OPx4LjVIn5SMJkqd1c2g2zXC6

Фото: primeminister.kz

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым Жаңа Конституциядағы «Халықаралық келісімге» қатысты бапты түсіндірді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Мәжіліс депутаты аталған бап Конституцияға енгізілгенімен, көптеген халықаралық келісімдерге қатысты ережелер күшінде қалатынын атап өтті.

«Егер халықаралық келісімнің бабы жергілікті заңнамамен қайшы келетін болса, онда халықаралық келісімнің ұпайы артық деген принцип болды. Қазір ол принципті жоққа шығарып отырмыз. Заңда көптеген халықаралық келісімдер күшінде қалады. Бірақ болашақта қабылданатын кезде, біз оны саралаймыз. Бұл бізге келе ме? Біздің экономикалық жағдайды ескере ме? Біздің мүддені ескере ме? Мысалы, кейбір келісімдерге азаматтар, бизнес наразылық танытып жатады, яғни біздің мүддемізге сай емес екен. Онда бұл келісімнен шығамыз дейтіндей мүмкіндік береді. Немесе келісім келді, 10 бап дейік. Екеуі бізге қажет, 8 бабы бізге қажет емес, сонда болашақ Парламент екі бабына қосыламыз, қалғанының күші жоқ дейміз, соны айту үшін осындай норма қажет», — деп түсіндірді депутат.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек Жаңа Конституциядағы жерге қатысты тараған жалған ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді.

Оқу үшін