Ainur, Автор в NoFake

Cайлау бюджеті қалай жасақталады: сарапшы түсіндірді
Құрылтай депутаттарының сайлауы қарсаңында көпшілікті «сайлау бюджеті қалай жасақталады?» деген сауал жиі мазалайды. Nofake.kz аталған сұрақтың жауабын экс Мәжіліс депутаты, білікті қаржыгер Омархан Өксікбаевтан сұрап білді.

Желі қолданушылары не дейді?

Көпшілік арасында әсіресе, сайлау алды кезеңде «партиялардың үгіт науқанына қаражат қайдан алынды?» деген сауал жиі талқыланған.

Скриншот: әлеуметтік желіден

Осыған орай, алдымен сайлау бюджеті қалай қалыптасады деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Қазақстанда сайлауды өткізу бюджеті расымен республикалық бюджет есебінен жасақталады. Бюджеттің жасақталу тәртібі ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында белгіленген. Сондай-ақ, сайлауды өткізу шығындары «ҚР 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» заңда белгіленген. Алайда бұл қаражаттан партиялардың үгіт науқанына кететін қаржы толығымен жұмсалады деген түсінік — қате. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы — сайлау комиссияларының жұмысына, бюллетеньдер мен өзге де сайлау құжаттарын дайындауға, ақпараттық қамтамасыз етуге және басқа да ұйымдастыру шараларына жұмсалады. Ал саяси партиялар мен кандидаттардың сайлауалды үгіті — өздерінің сайлау қорларындағы қаражаты есебінен жүргізіледі. Ол қаражатты БАҚ-та жарнама орналастыруға, үгіт материалдарын дайындауға және басқа да науқандық шығындарға пайдалануға болады. Сондықтан сайлауға мемлекеттен бөлінген жалпы бюджет пен партиялардың үгіт-насихатқа жұмсаған қаражатын бір қаражат ретінде қарастыруға болмайды.

Кезекті, кезектен тыс сайлау деген не және оның бюджеті қалай тағайындалады?

Осы ретте, экс-мәжіліс депутаты, қаржыгер Омархан Өксікбаев сайлау бюджетінің қалай жасақталатынын түсіндіріп берді.

«Сайлауды өткізуге бөлінетін қаражат республикалық бюджетте қарастырылуы да, қарастырылмауы да мүмкін. Егер кезектен тыс сайлау болса, республикалық бюджет қалыптасқан кезде, резерв деген болады. Сол резервтен, Үкімет өз қаулысымен ақша бөледі. Ал, кезекті сайлау болса, бюджетті жоспарлаған кезде, сол уақытта сайлауға да ақша салынады», — деді ол.

Қосымша резерв дегеніміз не және ол ақша қайда жұмсалуы мүмкін?

«Үкімет бюджетті жасақтаған кезде төтенше, жоспарланбаған жағдайға деп салатын қосымша резерві болады. Ол Үкіметтің тікелей шешімімен қолданылатын ақша. Сол қаражаттан төтенше немесе жоспарсыз дүниеге бөліп береді. Құрылтай сайлауына да қаражат сол резервтен бөлінуі мүмкін», — деп түсіндірді ол.

Сайлау кезеңінде партияны қолдау үшін бюджеттен мүлдем қаржы бөлінбейтіні рас па?

Омархан Өксікбаевтан «сайлау кезінде партияларды қолдау үшін, республикалық бюджеттен қаражат бөліне ме?» деп сұрап көрдік.

«Жоқ, сайлау кезінде партияларды қолдау үшін, бюджеттен 1 теңге де бөлінбейді. Егер партия жеңімпаз атанып, тек Құрылтайға кірсе ғана республикалық бюджеттен ақша бөлінеді. Ал, қазір сайлау алдындағы науқанға бюджеттен бір тиын да бөлінбейді. Партия үгіт жұмысына қаражатты өз қолдаушыларынан алады. Партияның қорын қалыптастыратын солар — өздерінің қолдаушылары. Яғни, сол партияның идеологиясын қолдайтын заңды, жеке тұлға болсын, солар өздері қаржыландырады», — деді ол.

Түйін

Осылайша, сайлауға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат пен саяси партиялардың сайлауалды үгітіне жұмсайтын қаржысын бір ұғым ретінде қарастыруға болмайды. Мемлекеттік бюджет негізінен сайлау комиссияларының жұмысын қамтамасыз етуге, бюллетеньдер мен сайлау құжаттарын дайындауға, ақпараттық және ұйымдастырушылық жұмыстарға бағытталады. Ал партиялардың сайлауалды үгіті өздерінің сайлау қорлары есебінен қаржыландырылады. Кезекті сайлау шығындары бюджет жоспарланған кезде ескерілсе, кезектен тыс сайлау кезінде қажетті қаражат Үкімет резервінен бөлінуі мүмкін. Сондықтан «сайлауға бөлінген бюджет партиялардың үгіт-насихатына жұмсалады» деген түсінік дұрыс емес.

Сообщение Cайлау бюджеті қалай жасақталады: сарапшы түсіндірді появились сначала на NoFake.

Алматыдағы тұңғыш Президент саябағындағы жазба алынып жатыр — фейк
Желіде Алматыдағы тұңғыш Президент саябағындағы жазба алынып жатыр деген ақпарат тарады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Мәселе неден туындады?

Желі қолданушысының айтуынша, Алматыдағы тұңғыш Президент саябағының атауы өзгеріп, тіпті саябақтағы жазба да ауыстырылған.

Скриншот: әлеуметтік желіден

Қала әкімдігі не дейді?

Алайда, қала әкімдігі аталған ақпаратты жоққа шығарды. Айтуларынша, қазіргі таңда Президент саябағында абаттандыру және қайта жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Оның ішінде саябақтың кіреберіс аркасы да жаңартылуда. Саябақтың атауы мен оның аумағында орналасқан ескерткіш сақталатынын атап өтеміз. Оларды бұзу немесе атауын өзгерту туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», — делінген хабарламада.

Осы ретте, әкімдік азаматтарға жалған ақпарат таратпауға шақырады.

«Көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік көзделген», — делінген әкімдік хабарламасында.

Түйін

Осылайша, Президент саябағында жүргізіліп жатқан жұмыстар саябақты қайта жаңарту және абаттандыруға бағытталған. Ресми мәліметке сәйкес, саябақтың атауы да, аумағындағы ескерткіш те сақталады. Ал оларды бұзу немесе атауын өзгерту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты тұрғындарға расталмаған мәліметтерді таратпау ескертіледі.

Сообщение Алматыдағы тұңғыш Президент саябағындағы жазба алынып жатыр — фейк появились сначала на NoFake.

Бала салмағының 10 пайызынан аспауы тиіс: ДСМ ата-аналарға мектеп рюгзагына қатысты ескерту жасады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мектеп рюкзагын қалай таңдау керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Ведомство мәліметінше, жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға мектеп рюкзагының ішіне оқулықтар, дәптерлер және басқа да оқу құралдары салынғаннан кейін оның қаншалықты ауырлайтынын тексеру ұсынылады. Министрлік толық жиналған рюзактың салмағы баланың дене салмағының 10%-ынан аспауы тиіс екенін айтады.

«Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға мектеп рюзагын таңдау кезінде назар аударуы қажет негізгі талаптарды еске салды. Рюзактың әдемі дизайны мен сыйымдылығы – жалғыз өлшем емес. Оның жеңіл болуы, баланың бойына сәйкес келуі, арқасына ыңғайлы орналасуы және иығына артық салмақ түсірмеуі маңызды», — делінген хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес, оқу құралдарының ұсынылатын салмағы оқушының жасына байланысты төмендегідей болуы тиіс:
1–3 сынып оқушылары үшін – 2 килограмға дейін;

4–5 сынып оқушылары үшін – 2,5 килограмға дейін;

6–7 сынып оқушылары үшін – 3,5 килограмға дейін;

8–11 сынып оқушылары үшін – 4,5 килограмға дейін.

«Бұл нормалар күнделікті оқу жиынтығының салмағына қатысты және рюкзагтың өзінің салмағын қамтымайды. Сонымен қатар мамандар оқулықтар мен оқу құралдарын қоса есептегендегі рюкзактың жалпы салмағы баланың дене салмағының 10%-ынан аспауын ұсынады.
Мысалы, оқушының салмағы 30 килограмм болса, толық жиналған сөмкенің салмағы 3 килограмнан аспағаны жөн», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мамандар мектеп рюкзагын баламен бірге таңдауға кеңес береді. Сатып алмас бұрын рюкзакты баланың арқасына салып көріп, оның оқушының бойына сәйкес келетініне және арқасына ыңғайлы орналасатынына көз жеткізген жөн, дейді сарапшылар.
Осылайша, таңдау кезінде мынадай сипаттамаларға назар аудару қажет:

жүктемені біркелкі бөлуге мүмкіндік беретін кең әрі жұмсақ иықбау;

арқаның дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін тығыз арқа бөлігі;

иықбаудың ұзындығын реттеу мүмкіндігі;

жарық шағылыстыратын элементтер болу керек. Олар қараңғы уақытта жүргізушілер үшін баланың анық көрінуіне мүмкіндік береді;

берік әрі су өткізбейтін материал.

«Рюкзактың өзінің салмағын да ескерген маңызды. Ол неғұрлым жеңіл болса, балаға түсетін қосымша жүктеме де соғұрлым аз болады. Мамандар бос рюзактың салмағы 1 килограмнан аспауын ұсынады. Рюкзак бала үшін тым үлкен болмауы және белден айтарлықтай төмен түсіп тұрмауы тиіс. Артық заттарды үйде қалдырған дұрыс», — делінген хабарламада.

ДСМ, бұл ретте тіпті ең ыңғайлы рюзактың өзі бала күн сайын қажетсіз заттарды алып жүрген жағдайда ауыр болуы мүмкін.

«Ата-аналарға рюзактың ішін мезгіл-мезгіл тексеріп отыру ұсынылады. Сабақта қажет болмайтын ойыншықтарды, артық дәптер, кітаптарды және басқа да заттарды үйде қалдырған дұрыс.
Сондай-ақ баланы рюзакты екі иығына қатар асып жүруге үйрету маңызды. Бұл жүктеменің біркелкі бөлінуіне мүмкіндік береді. Егер мектепте осындай мүмкіндік қарастырылған болса, оқулықтар мен оқу құралдарының бір бөлігін сыныпта қалдыруға болады», — делінген хабарламада.

ДСМ мектепке шығар алдында рюзакты тексеруге бірнеше минут қана жеткілікті: артық заттарды алып тастау, иықбауды реттеу және оның салмағын бағалау қажет екенін ескертеді.

«Негізгі қағида қарапайым: бала бойына сәйкес келетін ыңғайлы рюкзак, артық заттардың болмауы және оның салмағы оқушының дене салмағының 10%-ынан аспауы тиіс», — делінген хабарламада.

ДСМ осындай қарапайым күнделікті әдеттер баланың оқу күндерін жайлы өткізуіне және арқасы мен иығына түсетін артық жүктемені азайтуға көмектесетінін ескертті.

Сообщение Бала салмағының 10 пайызынан аспауы тиіс: ДСМ ата-аналарға мектеп рюгзагына қатысты ескерту жасады появились сначала на NoFake.

Дауыс беру бюллетенін фото-видеоға түсіріп, желіге жариялауға бола ма
Көпшілік арасында «сайлау күні кабина ішінде, одан тыс жерде бюллетеньді суретке түсіріп, оны жариялауға бола ма?» деген сауал жиі талқыланады. Nofake.kz аталған сұраққа жауап іздеп көрді.

Желі қолданушылары не дейді?

Әлеуметтік желі қолданушылары, әсіресе, Құрылтай депутаттарының сайлауы алдында аталған мәселені жиі көтеріп жатыр. Олардың бірі бюллетеньді суретке, видеоға түсіруге болады десе, енді бірі оның заңсыз екенін айтқан.

Скриншот: әлеуметтік желіден

ОСК не дейді?

Аталған сұрақты алдымен Орталық сайлауы комиссиясына қойдық. Жауаптылар бюллетеньді суретке түсіріп, жариялауға болмайтынын мәлімдеді.

«ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабы, 4 тармақшасына сәйкес, дауыс беру күні толтырылған бюллетеньді фото және (немесе) бейнетүсірілім жасауға және оны таратуға тыйым салынады», — делінген ОСК хабарламасында.

Заңда не көзделген?

Заңгер Талант Рамазанов аталған заңды бұзып, сайлау күні бюллетеньді фото-видеоға түсірген сәтте, заңда не көзделгенін түсіндірді. Оның айтуынша, ҚР ӘҚБтК 102-бабына сәйкес, тыйым салынған кезеңде сайлау алдындағы үгіт жүргізу бойынша аталған заңда жауапкершілік көзделген.

«Яғни, сол күні бюллетеньді, оның ішінде дауыс берген партияны белгілеу — аталған заңды бұзу болып саналады. Сол себепті, кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау күні немесе оның алдындағы күні сайлау алдындағы үгіт жүргізу –

жеке тұлғаларға – 15, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», — деді ол.

Түйін

Осылайша, сайлау күні толтырылған бюллетеньді фотоға немесе бейнежазбаға түсіріп, оны жариялауға заңмен тыйым салынған. ОСК бұл талаптың дауыс беру құпиясын сақтауға бағытталғанын атап өтті. Сондықтан сайлаушылар бюллетеньді әлеуметтік желіде жарияламай, заң талаптарын сақтауы қажет. Ал тыйым салынған кезеңде сайлауалды үгіт жүргізу заңнамада белгіленген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Сообщение Дауыс беру бюллетенін фото-видеоға түсіріп, желіге жариялауға бола ма появились сначала на NoFake.

Шоттан ақша алынып жатыр: Freedom банкі себебін түсіндірді
Әлеуметтік желіде Freedom банк клиенттері шоттарынан ақша алынып жатқанын, оның себебі неде екенін білмей, көп пікір қалдырған. Nofake.kz мәселенің мән-жайын анықтап көрді.

Желі неге шулады?

Банк клиенттерінің айтуынша, олардың шотынан түрлі сомадағы қаражат жоғала бастаған. Кейбіреу мұндай жағдай бұған дейін де болғанын жазса, енді бірі аталған жайтпен алғаш рет кездесіп отырғанын мәлімдеген.

Скриншот: әлеуметтік желі

Банк не дейді?

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін, банктің баспасөз қызметіне хабарластық. Банк өкілдері ресми мәлімдеме жасады.

«10 тамызда серіктестердің бірі тарапынан орын алған қысқа мерзімді техникалық ақаудың салдарынан Freedom банкінің кейбір клиенттерінің шотындағы қаражат қалдығы қате көрсетілді. Бұл ақау тек техникалық сипатта болды және ол клиенттер қаражатының жоғалуымен немесе шоттан нақты есептен шығарылуымен байланысты емес», — делінген хабарламада.

Банк  клиенттердің қаражаты толық қауіпсіздікте екенін, шоттардағы дұрыс қалдық сома жақын арада көрсетіледі деп сендірді.

«Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық төлем корпорациясымен (ҚР ҰТК) бірлесіп, деректерді реттеу және синхрондау бойынша қажетті рәсімдерді жүргізді. Қазіргі уақытта шоттардағы қалдықтар туралы ақпарат түзетіліп, сәйкестендірілді. Клиенттердің барлық операциялары қалыпты режимде өңделіп жатыр», — деп түсіндірді мамандар.

Ұлттық төлем корпорациясының мәлімдемесі

«Аталған жағдай анықталған сәттен бастап Ұлттық төлем корпорациясы мен банк мамандарының бақылауында болды. Деректерді синхрондау бойынша қажетті рәсімдер жүргізілді, жүйелердегі ақпарат сәйкестендірілді. Қазіргі уақытта барлық сервис қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», — делінген ведомство хабарламасында.

Банктегі ақаулар кибершабуылдардан болуы мүмкін бе: вице-министр жауабы

Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин банк жұмысындағы техникалық ақаулар кибершабуыл немесе банк жүйесінің бұзылуына байланысты болмағанын атап өтті. Оның айтуынша, ақау банктің ішкі бағдарламалық жасақтамасындағы техникалық мәселелерден туындаған. Вице-министр бұл жағдайды ақпараттық қауіпсіздікке төнген қатер немесе дербес деректердің таралу қаупімен байланыстырмайтынын айтты.

«Бұл — ішкі бағдарламалық жасақтамаға байланысты техникалық мәселе. Кибершабуыл да, ақпараттық қауіпсіздікке қатысты тәуекел де болған жоқ», — деді Ростислав Коняшкин.

Түйін

Осылайша, Freedom Bank-тегі ақаулар техникалық сипатта болған. Банк пен Ұлттық төлем корпорациясы шоттардағы ақпаратты реттеп, жүйелердің қалыпты жұмысын қалпына келтіргенін хабарлады. Ал Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл жағдайдың кибершабуылға немесе дербес деректердің таралуына қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Сонымен қатар банк ақаудан зардап шеккен клиенттерге бір айлық Platinum мәртебесін ұсынатынын хабарлады.

Сообщение Шоттан ақша алынып жатыр: Freedom банкі себебін түсіндірді появились сначала на NoFake.

Подъезд бен лифтіге партиялардың үгіт материалдарын орналастыруға бола ма
Әлеуметтік желіде елордадағы көппәтерлі тұрғын үйлердің подъездері мен лифтілеріне партиялардың үгіт материалдары ілініп жатқаны туралы ақпарат тарады. Желі қолданушыларының бірі мұны заңсыз деп мәлімдеген. Подъезд бен лифтіге мұндай үгіт материалдарын орналастыруға бола ма? NoFake.kz заң талаптарын зерттеп көрді.

Скриншот әлеуметтік желіден

Үгіт парақшасын подъезге жапсыруға бола ма: Заң не дейді?

ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, үгіт материалдарын орналастыратын орындарды жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларымен бірлесіп белгілейді. Сайлау кезінде үгіт материалдарын подъездерге немесе тұрғын үйлердің қасбеттеріне рұқсатсыз жапсыруға болмайды. Мұндай материалдарды орналастыру үшін заңда белгіленген орындар пайдаланылуы тиіс немесе нысан иесінің келісімі алынуы қажет. Сондықтан партиялар мен олардың жақтастары үгіт жүргізу барысында материалды қай жерге және қандай негізде орналастырып жатқанын ескергені жөн. Заң талаптарын сақтамау сайлау заңнамасын бұзу ретінде бағалануы мүмкін.

Үгіт материалының талаптары қандай?

Бұдан бөлек, үгіт материалдарының өзіне де белгілі бір талаптар қойылады. Мысалы, онда материалды дайындаған ұйым, басып шығарылған орны, таралымы, тапсырыс беруші және оның кімнің қаражаты есебінен төленгені туралы ақпарат көрсетілуі керек. Анонимді үгіт материалдарын таратуға жол берілмейді.

Үгіт қашан тоқтатылуы керек?

Сайлау алдындағы үгіт дауыс беруге бір күн қалғанда және дауыс беру күні жүргізілмейді.

Ал оған дейін заң талаптарына сәйкес орналастырылған үгіт материалдары сайлау комиссиялары мен дауыс беру орындарының ғимараттарынан тыс жерде сақталуы мүмкін. Яғни, партияның үгіт парақшасын подъезге жапсыруының өзі заң бұзушылық болып табылмайды деуге болмайды. Мұнда ең бастысы — материалдың нақты қай жерге және қандай негізде орналастырылғаны.

Сообщение Подъезд бен лифтіге партиялардың үгіт материалдарын орналастыруға бола ма появились сначала на NoFake.

Сайлау алдындағы дебат: кандидаттар не айта алады, неге тыйым салынған
Сайлау науқаны кезінде кандидаттардың теледебатқа қатысуы қоғамда жиі талқыланады. Кейбір желі қолданушылары дебат барысында кандидаттар бір-бірін ашық сынай алады десе, енді бірі мұндай пікірталастың қатаң талаптары бар екенін айтады. Дебат қалай өтеді, оған кім қатысады және кандидаттарға не айтуға рұқсат етіледі? Nofake.kz заң талаптарын зерттеп көрді.

Желі қолданушылары не дейді?

Әлеуметтік желіде елімізде партия кандидаттары арасында өтіп жатқан дебаттар жиі талқыланады. Олардың кейбірі оны қалай, қайда өткізу қажеттігін сұраса, енді бірі кандидаттардың не айту қажеттігін жазады.

Скриншот: әлеуметтік желіден

Сонымен, сайлауалды дебат деген не және онда кандидаттар не айтуы тиіс? Төменде тарқатамыз.

Дебат дегеніміз не?

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, сайлауалды үгіттің бір түрі – көпшілік алдында өткізілетін сайлауалды іс-шаралар. Оларға жиналыстар, кандидаттармен және олардың сенімді өкілдерімен сайлаушылардың кездесулері, жария сайлау алдындағы пікірталастар мен пікірсайыстар (дебаттар), митингілер, шерулер, демонстрациялар және өзге де сайлауалды іс-шаралар жатады.

Яғни, дебат – кандидаттардың немесе саяси партиялардың өз бағдарламаларын таныстырып, сайлаушылардың сұрақтарына жауап беретін және өз ұстанымдарын түсіндіретін жария пікірталасы.

Дебатты кімдер ұйымдастырады?

Республикалық теледебаттарды өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен айқындалады. Орталық сайлау комиссиясы дебаттың өтетін күні мен уақытын, қатысушылар құрамын, эфир регламентін және модераторды жеке қаулымен бекітеді.

Кандидаттарға не айтуға болады?

Конституциялық заңның 27-бабының 1-тармағына сәйкес, сайлауалды үгіт азаматтарды белгілі бір кандидатқа немесе саяси партияға дауыс беруге ынталандыру мақсатында жүргізіледі.

Сондықтан дебат барысында кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сайлауалды уәделерін түсіндіре алады, сондай-ақ қарсыластарының бағдарламаларын саяси тұрғыдан бағалай алады. Одан бөлек, кандидаттар сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп,

өз ұстанымдарын дәлелдеп, пікірін еркін білдіре алуы тиіс.

Кандидаттарға қандай әрекеттерге тыйым салынады?

Дебат кезінде де заң талаптары сақталуға тиіс. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 5-тармағына сәйкес, сайлауалды үгіт жүргізу барысында әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға, билікті күшпен басып алуға немесе конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған үгіт жүргізуге жол берілмейді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 3-тармағына сәйкес:

«Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді».

Осыған байланысты дебат барысында алауыздықты қоздыруға, зорлық-зомбылыққа шақыруға, Конституцияға қайшы үндеулер жасауға, заңмен тыйым салынған үгіт жүргізуге болмайды.

Кандидаттар бір-біріне сынай ала ма?

Конституциялық заң кандидаттардың өзара пікірталас өткізуіне тыйым салмайды.

Алайда айтылатын мәліметтер шындыққа сәйкес болуы, ал сын заң мен этика талаптары аясында айтылуы тиіс. Егер дебат барысында жалған ақпарат таратылып, азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтірілсе, мұндай әрекеттерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілуі мүмкін.

Дебатқа қатысу міндетті ме?

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда кандидаттардың дебатқа міндетті түрде қатысуы туралы талап көзделмеген. Дебатқа қатысу тәртібі әрбір сайлау науқанына арналған Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен айқындалады. Онда кандидаттың өзі немесе регламентте көзделген жағдайда оның сенімді өкілі қатысуы мүмкін.

Түйін

Сайлау алдындағы дебат – Конституциялық заңның 27-бабына сәйкес көзделген сайлауалды үгіттің заңды түрлерінің бірі. Оның мақсаты – кандидаттардың бағдарламаларын таныстырып, сайлаушыларға өз ұстанымдарын түсіндіру. Дебат барысында пікірталас жүргізуге, бағдарламаларды салыстыруға және қарсыластардың саяси ұстанымдарын сынауға болады. Алайда Конституциялық заңның 28-бабының 5-тармағы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптарды бұзуға, алауыздықты қоздыруға, зорлық-зомбылықты насихаттауға немесе Конституцияға қайшы үндеулер жасауға жол берілмейді.

Сообщение Сайлау алдындағы дебат: кандидаттар не айта алады, неге тыйым салынған появились сначала на NoFake.

ДСМ Ақтас кентіндегі психиатриялық ауруханадағы қатыгездік туралы ақпаратты жоққа шығарды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтас кентінде орналасқан, Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухананың пациенттеріне физикалық шектеу шараларын қолдану фактісін жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Ведомство мәліметінше, Алматы облысы Ақтас кентіндегі психиатриялық ауруханадағы пациенттерге физикалық шектеу шараларын қолдану, ықпал ету шарасы ретінде дәрілік препараттарды пайдалану және пациенттердің ар-намысына тиетін өзге де әрекеттер жасалды деген әлеуметтік желілерде тараған ақпараттар расталмаған. ДСМ ресми тексеру қорытындысы бойынша аталған факт анықталмағанын мәлімдеді.

«Instagram әлеуметтік желісінде пациенттердің құқықтары бұзылды деген ақпараттың жариялануына байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті аталған медициналық ұйымға тексеру жүргізді. Жарияланым авторы өзінің жеке естеліктеріне сілтеме жасайды және оның айтуынша, аталған оқиғалар 2008 жылы медициналық ұйымның 7, 10 және 12-бөлімшелерінде болған. Бұл ретте автордың дербес деректері көрсетілмеген, ал сипатталған оқиғалар шамамен 18 жыл бұрынғы кезеңге жатады», — делінген хабарламада.

Министрлік коғамдық резонансты ескере отырып, медициналық көмек көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуы, психикалық денсаулық саласындағы медициналық-әлеуметтік көмектің сапасы, сондай-ақ пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері тексерілгенін атап өтті.

«2026 жылғы 7 тамыздағы №127 тексеру нәтижелері туралы актіге сәйкес пациенттерге физикалық шектеу шараларын қолдану, ықпал ету шарасы ретінде дәрілік препараттарды пайдалану және пациенттердің ар-намысына тиетін өзге де әрекеттер туралы мәліметтер өз растауын таппады.

Осылайша, жарияланымда көрсетілген мәлімдемелер ресми тексеру барысында анықталған нақты мән-жайларға сәйкес келмейді», — делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі әрбір пациенттің құқықтарын, ар-намысы мен қауіпсіздігін сақтауға сөзсіз басымдық беретінін атап өтті.

«Психикалық бұзылыстарды диагностикалау және емдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-224/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Министрлік медициналық көмектің сапасына және пациенттердің құқықтарының сақталуына бақылауды жалғастырады», — делінген хабарламада.

Ведомство осы ретте көрінеу жалған мәліметтерді тарату олардың мазмұны мен тарату мән-жайларына қарай Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Сообщение ДСМ Ақтас кентіндегі психиатриялық ауруханадағы қатыгездік туралы ақпаратты жоққа шығарды появились сначала на NoFake.

Сайлау алдындағы үгіт жасау науқаны қалай өтіп жатыр: сарапшы пікірі
Елімізде 23-ші шілдеден бастап сайлауалды үгіт жасау науқаны ресми түрде басталды. Екі аптаға жуық уақытта үгіт жүргізу науқаны қалай өтті? Алдағы уақытта не болуы мүмкін? Тәуелсіз сарапшыдан сұрап көрдік.

Заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Биахметұлы сайлауалды үгіт жасау науқанына оң баға беріп отыр. Айтуынша, сайлаудың әділ әрі ашық өтуі үшін бірқатар негізгі қағидаттардың сақталуы маңызды.

«Барлығы заң жүзінде іске асырылып жатыр. Сайлау әділ өту үшін, әрине бірнеше принциптер сақталу керек. Мысалы, әр партияның медиа ресурстарға қолжетімділігі бірдей, бәріне тең болуы керек. Қаржыландыру мәселесі ашық болуы тиіс, мұны екінші принцип деп айтамыз. Үшіншіден, биліктің күшін пайдаланбау қағидатын ұстану қажет. Мәселен, тек белгілі бір партияларға ғана ерекше мүмкіндіктер жасалмауы керек. Егер осы принциптерді айтар болсақ, әзірге бәрі сақталып жатыр», — деді заңгер.

Заңгердің айтуынша, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы сайлау науқанына жаңа мүмкіндіктермен қатар, белгілі бір тәуекелдерді де алып келуі мүмкін.

«Сондықтан осы тұста сақ болу керек. Ал, жалпы сайлау алды үгіт науқаны жөнінде бәрі заң бойынша, қатаң тәртіппен өтіп жатыр деп айтуға толық негіз бар», — деді ол.

Айта кетейік, елімізде 23-ші тамыз күні Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Осыған орай, бұған дейін үгіт материалдарын қайда жариялауға болатынын, ал қай жерлергет оларды орналастыруға тыйым салынатынын хабарлаған едік.

Сообщение Сайлау алдындағы үгіт жасау науқаны қалай өтіп жатыр: сарапшы пікірі появились сначала на NoFake.

Партияның үгіт материалын дүкен сыртына ілуге бола ма: заңда не көзделген
Қазақстанда сайлауалды үгіт жүргізу науқаны қыза түсті. Осыған орай, желіде партиялардың үгіт жүргізу парақшалары мен баннерлері, тіпті дүкен сыртына ілінді деген ақпарат тарады. Nofake.kz мәселенің мән-жайын анықтап көрді.

Желі қолданушылары не дейді?

Желіде әлеуметтік желі қолданушысы өзінің жекеменшік дүкенінің сыртына партияның үгіт жүргізу парағының ілінгені туралы жазба жариялады. Онда дүкен иесі «өз келісімінсіз брошюраның ілінгенін, заң жүзінде бұлай істеуге рұқсат бер ма?» деп сұраған.

Скриншот: әлеуметтік желіден

Сол сияқты желі қолданушылары «партиялардың кейбір үгіт материалдары тіпті қоғамдық көліктерде де ілінгенін, оған заң жүзінде рұқсат етілген бе?» деген сұрақты жиі талқылаған. Олардың бірі мұндайға заңды тұрғыда нысан иесінің келісімімен рұқсат бар десе, енді бірі рұқсат жоқ екенін айтқан.

Скриншот: әлеуметтік желіден

Заңда не көзделген?

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 6-шы тармағына сәйкес, баспа үгіт материалдарын орналастыру орындарын жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп анықтайды. Сондай-ақ, Конституциялық заңның 28-бабының 7-ші тармағына сәйкес, баспа үгіт материалдарын өзге үй-жайларда, ғимараттар мен құрылыстарда олардың меншік иелерінің немесе иеленушінің келісімімен ғана орналастыруға болатыны жазылған. Яғни кандидат немесе саяси партия жеке ғимаратқа не жарнама конструкциясына үгіт материалын орналастырғысы келсе, алдымен меншік иесінің рұқсатын алуы қажет.

Одан бөлек, Конституциялық заңның 28-бабының 6-шы тармағына сәйкес, үгіт материалдарын ескерткiш, ескерткіш тұғырға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үй мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайға iліп қоюға тыйым салынады.

Түйін

Сонымен, жеке дүкенге, ғимаратқа немесе басқа нысанға сайлауалды үгіт материалдарын меншік иесінің немесе заңды иеленушінің келісімінсіз орналастыруға болмайды. Конституциялық заңға сәйкес, арнайы үгіт орындарын жергілікті атқарушы органдар мен сайлау комиссиялары айқындайды, ал өзге нысандарға үгіт материалдарын ілу тек меншік иесінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ескерткіштерге, тарихи, мәдени және сәулеттік құндылығы бар ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беру өтетін үй-жайларға үгіт материалдарын орналастыруға заңмен тікелей тыйым салынған.

Сообщение Партияның үгіт материалын дүкен сыртына ілуге бола ма: заңда не көзделген появились сначала на NoFake.