Атырауда жаңбырдан кейін пайда болған ақ-сұр даққа қатысты әкімдік түсініктеме берді

Фото: pexels.com
Атырауда жаңбырдан кейін түрлі құрылыс нысандары мен көлік бетінде ақ-сұр дақтар пайда болған. Әкімдік аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Қала әкімдігі қазіргі таңда жауапты органдар жаңбыр суының сынамасын алып, зерттеп жатқанын мәлімдеді.
«Уәкілетті органдар атмосфералық жауын-шашыннан сынама алған. Қазіргі уақытта жаңбыр суының химиялық құрамы зертханада тексеріліп жатыр», — делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік өкілдері зерттеу нәтижелері қосымша хабарланатын болатынын хабарлады.
Айта кетейік, Атырау тұрғындары жауған жаңбырдан кейін ғимараттар мен көлік бетінде ақ-сұр дақтардың қалғанын айтып, аталған жайтқа алаңдаушылық білдірген еді.


