Атыраудағы оқу орындарындағы теракт туралы ақпарат – жалған

azh.kz
Әлеуметтік желілерде Атыраудағы оқу орындарында теракт қаупіне байланысты жұмыс тоқтатылды деген хабарлама тарады. Облыстың төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми мәлімдеді.
«Бұл ақпаратты мемлекеттік орган таратқан жоқ. Халық арасында дүрбелең мен алаңдаушылықтың алдын алу мақсатында азаматтарды тек ресми ақпарат көзіне сенуге шақырамыз», – делінген ведомствоның хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін белгісіз біреулер Балқаш пен Теміртау мектептеріндегі теракт туралы жалған ақпарат таратқан. Мемлекеттік органдар азаматтарды негізсіз үрейленбеуге және желідегі манипуляцияға ермеуге шақырды.


