NoFake

Атырау емханасындағы жалған скрининг дауы: Басқарма жауап берді

XXXL

Фото: Яндекс

Атырауда №4 қалалық емхана қызметкерлерінің жалған скринингтен өтуге мәжбүрледі деген шағымына облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жауап берді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Screenshot
Скрининг әлеуметтік желіден

Қызметкерлердің айтуынша, жоспарлық көрсеткіштерді орындап, есеп беру мақсатында бір ғана гинекологиялық жағынды (мазок) бірнеше адамға рәсімдеу фактілері болған. Алайда облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растаған жоқ.

“Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желілерде тараған №4 қалалық емханаға қатысты ақпаратты қарастырды. Скрининг деректерін қолдан жасау және құжаттарды жалған ресімдеу фактілері расталған жоқ. Анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Кадрлық мәселелерге келсек, бас дәрігердің орынбасарлары бұрынғы басшылық тарапынан тағайындалған және кәсіби тәжірибесі ескеріліп, өз лауазымдарын сақтап қалды”, — делінген хабарламада.

Ал мүгедектікті заңсыз рәсімдеу жағдайларына байланысты емхана әкімшілігі құқықтық сипаттағы шаралар қабылдап, тиісті материалдар Атырау облысының Полиция департаменті мен прокуратура органдарына жолданған. Қазіргі таңда құзырлы органдар заңнама аясында тексеру жүргізіп жатыр. Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жалғасатынын айтып, тұрғындарды тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Оқу үшін