«Атамекен» ҰКП төрағасы қызметіне Қанат Шарлапаев тағайындалды

Фото: prokadrykz
«Атамекен» ҰКП-ның Президиум төрағасы қызметіне Қанат Шарлапаев тағайындалды, деп хабарлайды nofake.kz/.
Ол бұл қызметте Райымбек Баталовты алмастырды. Естеріңізде болса, Райымбек Баталовтың бұл қызметтен кететіні туралы ақпарат былтырдан бері тараған еді.
Десе де, палата бұл ақпаратты жоққа шығарып, қызметін сақтайтынын хабарлаған еді. Бүгін Баталовтың бұл қызметтен кететіні расталды.
Айта кетейік, Райымбек Баталов бұл қызметті 2022 жылдан бастап атқарған еді. Ол еліміздегі Raimbek Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы әрі холдинг иесі. Холдинг құрамына Raimbek Agro, Raimbek Bottlers Group, Pure Pack кіреді.


