NoFake

Астана әкімдігі заң бұзғандарды видеоға түсірген тұрғындарға сыйақы төлейді

Фото: depositphotos

Астанада әкімшілік құқық бұзушылықты фото немесе видеоға түсіріп, оны полицияға жолдаған тұрғындар 86 мың теңгеге дейін сыйақы ала алады, деп хабарлайды NoFake.kz.

Елорда әкімдігі «қоғамдық көмекшілер» институтын енгізді. Олар полицияға, әкімдікке және басқа да мемлекеттік органдарға құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерікті түрде көмектеседі.

Қағидаға сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықты дәлелдейтін фото немесе бейне ұсынған азаматтарға 20 АЕК-ке дейін (86 мың теңгеге дейін) сыйақы төленеді. Оның нақты мөлшері құқық бұзушыға салынған айыппұл сомасына байланысты есептеледі.

Қаласа, тұрғындар сыйақыны өзіне алмай, Қазақстанда тіркелген қайырымдылық ұйымдарының біріне аудара алады. Бұдан бөлек, қоғамдық көмекшілерге алғыс хат, грамота табыстау және оқыту бағдарламаларына жіберу сияқты көтермелеу шаралары да қарастырылған.

Оқу үшін