Астанада онкологиялық ауруы бар балаларды емдеу тоқтатылды — жалған

Фото: freepik.com
Желіде тараған онкологиялық ауруы бар балаларға сәулелік терапия тоқтады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды nofake.kz/.
Threads әлеуметтік желісінде онкологиялық аурулары бар балаларды емдеу тоқтатылды деген ақпарат қызу талқыланып жатыр. Нақтырақ айтсақ, Астанада қатерлік ісікке шалдыққа балаларға сәулелік терапияның жоқ екені жазылып жатыр.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты аталған ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілерде таралып жатқан балаларға сәулелік терапияның жоқ екендігі туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Елімізде балаларға арналған мамандандырылған онкологиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық сәулелік емдеу әдістері жоспарлы түрде көрсетіліп, тоқтаусыз жалғасуда», — делінген хабарламада.
Сонымен бірге, институт Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулары бар балаларды емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүргізілетінін мәлімдеді. Сәулелік терапия, оның ішінде заманауи технологияларды қолдану арқылы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты (ҚазОжРҒЗИ) және Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық (ҰҒОО) базасында қолжетімді екені белгілі болды.
«Бұл медициналық ұйымдарда бейінді мамандар, қажетті инфрақұрылым және бала пациенттермен жұмыс істеуде жинақталған тәжірибеге шоғырланған», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ мамандар онкологиялық аурулары бар балаларды емдеуде дәл технологияларға басымдық берілетінін атап өтті. Жалпы, бүгінгі таңда елімізде 28 желілік жеделдеткіш және гамматерапиялық аппарат жұмыс істеп тұр. Мамандар бұл онкологиялық аурулары бар балаларды емдеуді қоса алғанда, қажетті көлемде сәулелік көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін жеткізді.


