NoFake

Астанада нөмірін өзгертіп қоңырау шалатын алаяқтар ұсталды

08A41C69 5853 4215 B1DC DE474EC0663C

Фото: polisia.kz

Астана қаласының киберполиция қызметкерлері Павлодар облысы ПД қызметкерлерімен бірлесіп, телефон алаяқтары қоңырауларын жаппай генерациялауға арналған заңсыз лабораторияның қызметін тоқтатты, деп хабарлайды nofake.kz/.

Polisia басылымының жазуынша, жедел-іздестіру шаралары барысында үш шетел азаматы ұсталды. Олар пәтерді арнайы офиске айналдырып, телефон арқылы азаматтарды алдауға бағытталған жаппай қоңырау шалумен айналысқан. Тінту кезінде: 6 SIM-бокс, шамамен 3 мың SIM-карта, компьютерлер мен ноутбуктер тәркіленді.

6CDF685A 2129 4738 BA2C 1A7CCE44ABF4
Фото: polisia.kz

Полиция мәліметінше, SIM-бокс сияқты жабдықтар бір мезетте ондаған телефон нөмірін пайдалануға және абоненттің идентификациялық деректерін (нөмірді) алмастыруға мүмкіндік береді. Мұндай технологиялар алаяқтар тарапынан өзін банк, құқық қорғау органы немесе мемлекеттік мекеме өкілі ретінде көрсету үшін жиі қолданылады.

Аталған дерек бойынша абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды белгісіз нөмірлерден келген қоңырауларға сақ болуға, жеке деректерді жарияламауға және күмәнді әрекеттер анықталған жағдайда 102 нөміріне дереу хабарласуға шақырады.

Оқу үшін