NoFake

Астанада 30 желтоқсанда қанша адам медициналық көмекке жүгінді

66737e3f88dc7851ee8e9cc538f13c3b

Фото: Тұрарбек Қазанғап

Әлеуметтік желілерде көктайғақ салдарынан жарақат алғандар саны күрт артқаны туралы түрлі мәліметтер тарады. Осыған байланысты nofake.kz/ ресми деректерді нақтылады.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 желтоқсанда травмпункттерге 265 адам жүгінген. Олардың 185-і — көшеде алған жарақаттармен тіркелген.

Алайда ведомство өкілдері көктайғаққа қатысты бөлек статистика жүргізілмейтінін атап өтті. Себебі «көшелік жарақаттар» санатына ашық ауада, көшеде алынған кез келген жарақат түрі кіреді.

Айта кетейік, бүгін Астанада 66 жастағы ер адамның өліміне қатысты жалған ақпарат жоққа шығарылды.

Оқу үшін