Астана кәсіпкерлеріне салық мәселесі жөнінде ескерту жасалды

Фото: freepik.com
Қаржы министрлігіне қарасты Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаменті қала кәсіпкерлеріне ескерту жасады, деп хабарлайды nofake.kz/.
«2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы салық режимдерін қолданған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 28 ақпан 2026 жылға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынулары қажет. Хабарлама ұсынылмаған жағдайда автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне ауыстыру немесе жеке кәсіпкер ретінде есептен шығару жүргізіледі», — делінген хабарламада.
Мемлекеттік кірістер департаменті аталған хабарламаны салық төлеуші кабинеті, «E-Salyq business» мобильді қосымшасы, банктердің мобильді қосымшалары және қағаз түрінде өткізуге болатынын мәлімдейді.


