NoFake

Астана әуежайындағы «шұғыл эвакуация» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

YES

Фото: сайт аэропорта

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Астана әуежайында өрт шығу қауіпіне байланысты жолаушылар шұғыл эвакуацияланды деген ақпарат таратты. Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Астана қаласы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Әуежай аумағында хабарландыру жүйесін тексеру және қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында жоспарлы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр. Барлық жолаушылар мен келушілер оқу дабылының жүргізілетіні туралы алдын ала дауыс зорайтқыш арқылы ескертілді. Қандай да бір оқиға, өрт немесе қауіпсіздікке төнген қатер тіркелген жоқ. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, жолаушыларға қызмет көрсету мен рейстерді орындау ешқандай шектеусіз жүзеге асырылуда», – делінген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Сондай-ақ әуежай әкімшілігі тұрғындар мен БАҚ өкілдерін ақпаратты тек әуежайдың ресми дереккөздерінен алуға шақырды.

Оқу үшін