NoFake

Қарттар күніне орай зейнеткерлерге ақшалай көмек беріледі – Астана әкімдігі

Коллаж: nofake.kz/

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та 1 қазан — Қарттар күніне орай 100 мыңнан астам зейнеткерге 10 мың теңге көлемінде ақшалай көмек берілді деген жаңалық жүр. nofake.kz/ тілшісі Астана әкімдігіне хабарласып, осы ақпаратты тексерді. Шынында да елордалық зейнеткерлерге қаржылай сыйақы қарастырылған.

Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінің жауабы.

Бұл туралы ҚР электронды үкімет порталы gov.kz сайтында да жарияланған. Астана әкімдігінің Баспасөз қызметі бізге осы порталға шыққан ақпаратты жіберді. Хабарламада Қарттар күніне орай Астанада тіркеуде тұрған зейнеткерлерге бір реттік қаржылай көмек төленеді деп жазылған. Оның мөлшері — 2,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК). 2025 жылы 1 АЕК — 3680 теңге, яғни 100 мыңнан астам зейнеткер 9200 теңгеден алады. Кейбір БАҚ жазғандай қарттардың шотына 10 мың теңге емес, 9200 теңге түседі.

Оқу үшін