NoFake

Ақтөбеде жиһазға тапсырыс берген әйел алаяқтың құрбаны болды

Фото: ҚР ІІМ

Ақтөбеде жиһазға тапсырыс берген әйел алаяқтарға тап болып, шығынға батқан. Тәртіп сақшылары азаматтарға жиһазға тапсырыс бергенде сақ болуды тағы да ескертеді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Полицейлердің мәліметінше, соңғы уақытта жиһазға тапсырыс беру кезінде алаяқтық фактілері жиілеген. Олар үй жиһазына тапсырыс берген азаматтар көбінесе алаяқтардың немесе сенімсіз кәсіпкерлердің құрбаны болатынын ескертеді.

«Ақтөбе қаласының тұрғыны осындай сенімсіз жиһаз жасаушының айла-амалдарына тап болды. Жыл басында ол жиһаз цехының басшысының жатын бөлмесіне 200 мың теңгеден астам сомаға шкафқа тапсырыс беріп, толық алдын ала төлем жасады. Алайда, әйел тапсырыс берген жиһазды алған жоқ», — делінген хабарламада. 

Ведомство бүгінде кәсіпкер анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлайды. Аталған факт бойынша алаяқтық белгілеріне байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Полиция департаменті азаматтарға тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру кезінде қырағылық танытуды, сонымен қатар ресми келісімшарттар жасасуды және мүмкіндігінше алдын-ала толық төлем жасамауға кеңес береді.

Оқу үшін