Сатушыларды жалған купюрамен алдаған ақтөбелік тұрғын ұсталды

Фото: adyrna.kz
Ақтөбе облысы Полиция департаментіне жалған ақшамен есеп айырысты деген күдікпен базар сатушылар арызданған, деп хабарлайды nofake.kz/.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай облысының 48 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жеке тінту кезінде одан номиналы бес және он мың теңгелік сувенирлік купюралар салынған бума тәркіленді.
«Аязды ауа райын және сатушылардың қырағылығының төмендеуін пайдаланып, әйел адам тауар сатып алып, қайтарым ақша алған. Аталған дерек бойынша “Алаяқтық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдарының дерегінше, оның алаяқтықтың төрт дерегіне қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ Ақтөбе қаласы аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы болуы мүмкін деген күдік тексерілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


