«Ақ Жайық» клубы қызметкерлерге 65 млн теңге қарызын қайтарды: облыс әкімі

Soccer player action on the stadium
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің даму көрсеткіштеріне арналған брифинг барысында бұрынғы «Ақ Жайық» қазіргі «Жайық» футбол клубының жағдайына тоқталды. Өңір басшысы бүгінде футбол клубы жеке кәсіпкердің иелігінде екенін атап өтті, деп хабарлайды nofake.kz/.
Брифинг барысында облыс әкімі футбол клубы қызметкерлері алдындағы 65 млн теңге көлеміндегі қарыздың толық жабылғанын мәлімдеді.
«Біріншіден, «Жайық» клубы жеке клуб. Бүгінгі күні 65 млн берешек ақша жоқ, түгелімен жабылды. Ешқандай спортшы, бапкер, сол клубта болған футболшыларға да бірде-бір теңге қарызымыз жоқ. Бұл ретте, жалақы бойынша айтып отырмын. Сіз айтып отырған 65 млн теңге толығымен жабылды. Қазір екінші лигадан бастадық, бірінші лигада бір жылдың өзінде жақсы нәтиже көрсетіп өтті. Яғни жеке клуб, жеке кәсіпкер бұл», — деді облыс әкімі.
Айта кетейік, бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өңірде құрылатын «Еуразия» АЭА-ның қызметі туралы да айтып өткен болатын.


