NoFake

Антифрод жүйелері арқылы 77 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталды

Depositphotos 673526124 L

Фото: Depositphotos

Қазақстанда антифрод жүйелері арқылы 77 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталған. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Қолданылып отырған антифрод жүйелері алаяқтық қоңырауларды, жалған хабарламалар мен күмәнді трафикті азаматтар зиян шекпей тұрып анықтап, бұғаттауға мүмкіндік береді. Демонстрация аясында байланыс операторлары антифрод бөлімшелерінің жұмыс нәтижелерін ұсынды. Бүгінгі күнге дейін 77 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталған», — деп жазылған ресми хабарламада.

Антифрод тетіктері қоңырауларды, SMS-хабарламаларды және қаржылық операциялармен байланысты тәуекелдерді нақты уақыт режимінде талдайды. Министрліктің мәліметінше, бұл жүйелердің жұмысы автоматтандырылған және құқық қорғау органдарымен үйлестірілген.

Оқу үшін