Алматылық заңгердің ұсталуына байланысты полиция түсініктеме берді

Фото: gov.kz
Алматылық заңгердің ұсталуына қатысты Алматы полициясы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды NoFake.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адамға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Алматы қаласының Полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деп мәлімдеді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.


