NoFake

Алматыда жалған ақпарат таратты деген күдікпен Санжар Бокаев ұсталды

Фото: Gov.kz

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол қоғамда теріс пікір қалыптастыру үшін әдейі бейнематериалдар жариялаған, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Бүгін, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу аясында Алматы қаласының аумағында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарының тәртібімен Бокаев Санжар ұсталды. С. Бокаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді. Тергеу деректеріне сәйкес, С. Бокаев аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған.Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген»,-деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінген. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды

Оқу үшін