Алматыда алаяқтарға қолма-қол ақша жеткізген курьерлер ұсталды

Фото: Depositphotos
Алматыда полиция интернет-алаяқтарға ақша жеткізумен айналысқан курьерлерді ұстады, деп хабарлайды NoFake.kz.
«Қабылданған шаралар нәтижесінде алаяқтарға ақша аударудың 185 әрекетінің жолы кесілді. Сонымен қатар, қолма-қол қаражатты жеткізумен айналысқан «курьерлер» ұсталып, олардан ірі көлемдегі ақша тәркіленді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде азаматтарға алаяқтардың олжасына айналуы мүмкін болған 700 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды. Алаяқтық схемаларда пайдаланылған 17 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталып, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы мыңдаған ақпараттық материалдар әзірленіп, таратылды», -деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Қарттар мен интернет қолданушыларына алаяқтық белгілерін анықтауды үйрету басты назарда. Мамандар онлайн төлемдер мен күмәнді хабарламаларға аса сақ болуға шақырады.


