NoFake

Алматыда «әскери формадағы» ұрлық видеосына министрлік түсініктеме берді

Фото: Gov.kz

Әлеуметтік желілерде Алматыда әскери форма киген ер адамның ұрлық жасағаны түсірілген видео тарады. Қорғаныс министрлігі видеодағы адамның Қазақстан Қарулы Күштеріне қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлады NoFake.kz.

«Әлеуметтік желілерде тараған видеодағы азаматтың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Ол жоғары оқу орындарының бірінің студенті және әскери кафедрада білім алып жүргені белгілі болды», – деп хабарлады ведомство.

Видеоны зерделеу барысында ер адамның үстіндегі киім Қарулы Күштердің қазіргі әскери киім үлгісіне сәйкес келмейтіні белгілі болған. Атап айтқанда, киімінде тиісті айырым белгілері жоқ, ал пайдаланылған далалық форма ескірген үлгіге жатады. Мұндай форма қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы Күштерінде қолданылмайды.

Ведомство бұл жағдай бойынша полиция органдары тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және тиісті процессуалдық шешім қабылдауға бағытталған шаралар қолға алынған.

Қорғаныс министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

Оқу үшін