Алматы полициясы «Қайрат – Реал» футбол матчы билеттерін сатып алу кезінде алаяқтық қаупі туралы ескертеді

Алматыда өтетін халықаралық футбол матчы қарсаңында полиция қызметкерлері азаматтарға билеттерді сатып алу кезінде аса мұқият болуды ескертеді.
Алматы қаласының полициясы ең кең таралған алаяқтық тізбегін түсіндіретін әлеуметтік бейнеролик дайындады. Тәжірибе көрсеткендей, ірі спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде интернет арқылы жалған билеттер ұсынатын алаяқтар белсенді әрекетке көшеді.


