NoFake

Алматы облысында жалған медициналық қызмет көрсеткендер сотталды

Фото: Depositphotos

Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын заңсыз иемдену дерегі анықталды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Тексеру барысында жалған медициналық қызметтер көрсету арқылы 65,9 млн теңге заңсыз алынғаны анықталған.

«Белгілі болғандай, екі жеке стоматологиялық клиниканың басшысы пациенттердің дербес деректерін пайдаланып, медициналық ақпараттық жүйеге туа біткен патологиясы бар балаларға көрсетілмеген ортодонтиялық қызметтер туралы жалған мәліметтер енгізген. Соның негізінде МӘСҚ қорының қаражатынан заңсыз төлемдер жүргізілген», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда прокурорлық тексеру материалдары бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен қылмыстық іс тіркелгені анықталды. Сот үкімімен кінәлі тұлға сотталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелген.

Оқу үшін