NoFake

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Фото: depositphotos

2026 жылғы 19 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 14:09-да жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Ол Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым қашықтықта тіркелген. Жер сілкінісінің тереңдігі 15 км, магнитудасы MPV 5.3, энергетикалық класы 12.8 болды»,-деді ТЖ баспасөз мәлімдемесінде.

MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы облысының Райымбек ауданындағы Нарынқол ауылында 3 балл, Кеген ауылында 3 балл деңгейінде сезілген. Сонымен қатар Жалағаш, Саты, Көкпек ауылдарында және Жаркент, Шелек, Түрген елді мекендерінде 2 баллдық тербеліс байқалған.

Алматы облысы ТЖД-де психологтың қатысуымен “Жедел желі” іске қосылды. Байланыс нөмір: 8(727) 7226097

Айта кетейік, Алматыда 2026 жылғы 17 ақпанда Астана уақытымен 15 сағат 09 мин жер сілкінісі тіркелген болатын.

Оқу үшін