Алматы әуежайы әскери жағдайдың енгізілуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Фото: gov.kz
Алматы халықаралық әуежайы желіде тараған әскери жағдайдың енгізілуі туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды nofake.kz/.
Әлеуметтік желіде Алматы әуежайында әскери жағдай енгізілді деген ақпарат тарады. Онда желі қолданушысы Алматы аспаны жабылғанын, салдарынан ұшақтың кері қайтарылғанын жазған.

Алматы халықаралық әуежайы аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.
«Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеді және штаттық режимде жұмысын жалғастырып келеді. Алматы қаласының әуе кеңістігі жабылған жоқ. Әскери жағдайдың енгізілуі немесе әскери әрекеттер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», — делінген хабарламада.
Әуежей азаматтарды барлық басқа сұрақтар бойынша тек тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуді шақырған.


