Алаяқтар қаржы сарапшысының атынан жалған инвестициялық жоба жарнамалаған

Жалған мәлімдеменің скрині
Алаяқтар қаржылық аналитик Андрей Чеботаревтің бейнесін пайдаланып жалған инвестициялық жобаны жарнамалаған, деп хабарлайды nofake.kz/.
Танымал қазақстандық қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев алаяқтардың құрбаны болды. Қаскөйлер оның суреттері мен бейнематериалдарын пайдаланып, шын мәнінде жоқ инвестициялық жобаны жарнамалап, пайдаланушыларды адастырып отыр.
Алаяқтық әрекетке қатысты Чеботарев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, қазақстандықтарды сақ болуға және күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбеуге шақырды.
«Егер алаяқтар менің видеоларымды кезекті инвестициялық пирамидаға адамдарды тарту үшін пайдаланып жатса, демек, бәрін дұрыс жасап жүрмін. Сақ болыңыздар! Мен ешқашан жекелеген бағалы қағаздарды сатып алуға кеңес бермеймін, ешқандай жоба үшін ақша сұрамаймын және “есі кетерлік” пайыздар уәде етпеймін», — деп жазды қаржы сарапшысы.
Сондай-ақ ол кепілдендірілген жоғары табыс уәде етілетін кез келген ұсыныс — қауіпті белгі екенін еске салып, азаматтарды өз жинақтарын, сыни ойлау қабілетін және ақылға қонымды шешім қабылдау дағдыларын қорғауға үндеді.


