NoFake

«Alatau City» қаласында «мэр мен ЖИ агент» қалай қызмет етеді

Иллюстрация создана при помощи Midjourney

Алматы облысында салынатын жаңа «Alatau City» қаласын болашақта әкім және жасанды интеллект агенті бірлесе басқарады деген ақпарат желіде қызу талқыланды. Қазақстанда әкімдік басқару жүйесі қолданылатындықтан, көпшілік «мэр» ұғымы мен ЖИ агенттің рөліне қатысты сұрақ қойып отыр.

Скрин посттағы пікірлерден

Алайда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Растислав Коняшкин Мәжіліс кулуарында бұл ақпараттың дұрыс түсіндірілмегенін айтты. Оның сөзінше, қала басқару жүйесіне цифрлық көмекшіні енгізу туралы шешім әзірге қабылданған жоқ.

Сонымен қатар ол болашақта қалалық процестерді басқаруда жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндігі қарастырылуы ықтимал екенін атап өтті. Осылайша, Alatau City-де жасанды интеллект әкімнің орнын алмастырмайды және дербес басқару функциясын атқармайды. Айта кетейік, Алатау-сити Үкіметке тікелей бағынатын ерекше құқықтық мәртебеге ие қала болады.

Оқу үшін