NoFake

Атырау облысының әкімі аймақтағы кейбір мектептің неге үш ауысымға көшкенін түсіндірді

4d6b7820 ac6a 418d 8143 db61b769356b

Фото: ОКҚ

Атырау облысында бірқатар мектептің үш ауысымдық оқыту режиміне өтуінің нақты себебін өңір әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндірді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Әкімнің айтуынша, өңірде барлығы 11 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді.

«Кейбір мектептің үш ауысымға көшуі — оқу корпусының жетіспеушілігінен емес, педагог кадрлардың тапшылығынан, әсіресе орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдердің жетіспеуінен туындайды. Көп жағдайда орыс тілінде білім беретін мектептер үш ауысымға көшіп отыр», — деді Шәпкенов.

Оның айтуынша, мәселені шешу үшін әкімдік жыл сайын қажетті мамандарды тартуға арналған гранттар бөледі.

«Өңірдегі мектептердің басым бөлігі — қазақ тілінде оқытатын білім беру ұйымдары. Бұл бағыттағы жағдай бөлек қаралады», — деді ол.

Сондай-ақ Серік Шәпкенов орыс тілінде сабақ беруге ниетті мұғалімдерді өңірге жұмыс істеуге шақырды.

«Осы сәтті пайдалана отырып орыс мектептерінде сабақ беремін және Атырауға келіп жұмыс істеймін деген мұғалімдер болса, шақырамын«,–  деді әкім.

Айта кетейік, биыл облыста тоғыз “комфортты мектеп” салу жоспарланған. Оның алтауы іске қосылған, қалған үшеуінің құрылысы шамамен 85% дайын.

Оқу үшін