NoFake

Әуе кеңістігі туралы тараған бейнеролик жалған — Қорғаныс министрлігі

gluster 2020 10 30 7d45ac63178dee482a7eefdae073ac70 original.541928

Фото: gov.kz

ҚР Қорғаныс министрлігі еліміздің әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің ұшып өтуіне қатысты ресми мәлімдеме жасалған бейнероликті жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Министрліктің мәліметінше, желіде Қорғаныс министрінің еліміздің әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің ұшып өтуіне қатысты ресми мәлімдемесі ретінде бейнеролик тараған.

Скриншот: видео

ҚР Қорғаныс министрлігі аталған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің еліміздің әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің ұшып өтуіне қатысты ресми мәлімдемесі ретінде ұсынылған бейнеролик таралуда. Аталған бейнематериал – жалған. Видео жасанды интеллект технологияларын (deepfake) пайдалану арқылы жасалған. Таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және қорғаныс ведомствосының ресми ұстанымын білдірмейді», — делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларын тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады.

Оқу үшін