NoFake

Абай облысында тұтынушыларды алдаған 9 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

Снимок экрана 2025 12 02

Фото: depositphotos

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті тұтынушыларды алдаған 9 кәсіпкерді Әкімшілік кодекстің 190-1 бабы бойынша жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Бұл сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тұтынушыларды тауардың тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы боп есептеледі. 9 кәсіпкерлік субъектісі 452 мың теңге айыппұл төледі», — делінген Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Ал сауда объектісінде тұтынушының бұрышы болмағаны үшін 5 кәсіпкерлік субъектісіне 108 мың теңге айыппұл салынған.

«Біздің департамент тұтынушылардың құқығын қорғау, әсіресе Әкімшілік кодекстің 190 бабы бойынша биыл жүйелі жұмыс жүргізді деп айтуға болады. Мысалы, тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартқан кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Тұтынушының наразылығына жазбаша жауап бермеген 14 кәсіпкерге 479 мың теңге айыппұл салдық», — деді Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Серікхан Нұртазин.

Департаментке жыл басынан тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 1041 өтініш түскен. Департамент мамандары 11 ай ішінде тұтынушыларға 36,1 млн. теңгесін қайтарып берді.

Оқу үшін