NoFake

5000 теңгелік купюраға не болды?

depositphotos

Әлеуметтік желіде ескі 5000 теңгелік банкнотты еш жер қабылдамайды, тек комиссиямен айырбастауға болады екен деген ақпарат тарап жатыр. Бұл – шындыққа жанаспайды.

Бұл мәселеге қатысты ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен түсініктеме алдық. Онда 2025 жылдың 25 қыркүйегінде ескі және жаңа үлгідегі банкноттардың қатар айналымы тоқтағаны расталды. Алайда банктер мен Қазпошта ескі банкноттарды 3 жыл бойы жаңаға айырбастайды, ал Ұлттық банктің филиалдарында – мерзімсіз қабылданады.

Егер белгілі бір жер ескі купюраны қабылдамай қойса – онда банкте жаңа купюраға айырбастауға болады. Айта кетейік, 5000 теңгелік банкнота 2011 жылы шығарылып, келесі жылы «2012 жылдың ең үздік банкнотасы» атағын алған еді.

Оқу үшін