«5-10-0» нөмірі — «Kcell» емес

Коллаж: nofake.kz/
Соңғы уақытта ұялы байланыс операторларының атынан абоненттерге қысқа нөмірден қоңырау шалатын алаяқтар көбейген. Олардың кейбірі код сұраса, енді бірі жарнама ұсынады. nofake.kz/ ұялы байланыс операторларының қоңырауын алаяқтардан қалай анықтауға болатынын «Kcell» компаниясының өзінен сұрады.

«Kcell» АҚ компаниясының өкілдері абоненттерге тек ресми колл-орталық нөмірінен — +7 701 000 3030 қоңырау шалады. Бұл нөмір смартфон экранында «Kcell» атауымен көрсетіледі. Қоңырау кезінде қызметкер міндетті түрде өзін таныстырып, лауазымын және қоңырау шалу мақсатын айтады. Компания клиент келісімсіз, алдын ала тікелей байланыс үшін, бөгде нөмірден хабарласпайды”, — деп түсіндірді компания мамандары.
Сондай-ақ, «Kcell» өкілдері компания операторлары жеке немесе құпия деректерді сұрамайтыны жеткізді.
«Себебі мұндай қоңыраулар, әдетте, клиенттің өз өтінішіне жауап ретінде жасалады.Тұлғаны растау (верификация), қажет болған жағдайда, клиенттің өзі операторға қоңырау шалған кезде, яғни кіріс қоңырау барысында жүргізіледі. Өтініштің сипатына қарай оператор тек жекелендірілген қызметтерге (мысалы, баланс, тариф, қызметтер жиынтығын өзгерту) қатысты болған жағдайда ғана аты-жөнін және ЖСН-ін сұрауы мүмкін. Өнімдер мен тарифтер бойынша жалпы кеңес беру кезінде тек телефон нөмірі сұралады, қосымша деректер қажет етілмейді”, — дейді компания мамандары.
Kcell операторынан қоңырау келгеніне көз жеткізу үшін клиентке мынадай кеңестер беріледі:
Қоңырау шалған нөмірді тексеру — ол +7 701 000 3030 болуы керек және «Kcell» атауы көрінуі тиіс; Қызметкерден оның аты-жөнін және қоңырау шалу мақсатын нақтылау; Құпия ақпараттарды — құпиясөздерді, SMS-тен алынған кодтарды, банк деректерін хабарламау; мұндай деректер ешқашан сұралмайды; Күмән туған жағдайда — әңгімені тоқтатып, ресми нөмір бойынша колл-орталыққа қайта қоңырау шалу немесе компанияның ресми әлеуметтік желідегі парақшаларына жүгіну ұсынылады:
Facebook: http://fb.com/kcell.kz
Twitter: http://twitter.com/kcellgsm
Instagram: https://www.instagram.com/kcell.kz
https://www.instagram.com/activ.kz
Ал, желіде тараған «5011» номері Kcell компаниясына тиесілі емес екені анықталды.
“Компания Kcell тарапынан жасалатын шығыс қоңыраулар үшін қысқа нөмірлерді пайдаланбайды. Егер клиентке қысқа нөмірден қоңырау шалынса, бұл автоматты қоңырау болуы мүмкін, оны серіктес компания жүргізуі ықтимал. Мысалы, Яндекс сияқты серіктестермен бірлескен өнімдерді ілгерілету мақсатында, қысқа номер пайдаланылады, мұндай жағдайларда қоңырау серіктес атынан жасалады, бірақ ол Kcell-пен келісілген науқан аясында жүзеге асырылады. Компания мұндай коммуникациялардың мазмұнын және дұрыстығын, соның ішінде этика мен заң талаптарының сақталуын бақылайды.Дегенмен, сенімді ақпарат алу үшін клиенттерге Kcell-дің ресми қолдау қызметіне тікелей жүгінуге кеңес береді”, — дейді компания өкілдері.
Осылайша, Kcell қызметкерлерінен ресми қоңыраулар тек +7 701 000 3030 нөмірінен жасалады, ал өзге нөмірлерден келіп түскен қоңырауларға сақтықпен қарап, қажет болған жағдайда олардың түпкі шығу көзін ресми байланыс арналары арқылы нақтылаған жөн.


