NoFake

247 млн теңге айналым жасаған блогерлерге қатысты тергеу аяқталды

Розыгрыш (2)

Коллаж: nofake.kz/

Танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқталды, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Тергеу барысында электронды “сәттілік барабанының” параметрлерін өзгерту фактілері анықталды. Соның нәтижесінде 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылып, ал құнды жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген», – деп хабарлады ҚМА.

Тергеу мәліметінше, Instagram желісінде 15 миллионнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыпты блогерлер 2025 жылы онлайн-курстарды сату желеуімен заңсыз схема ұйымдастырған. Аталған «курстардың» негізгі мақсаты – азаматтарды қымбат сыйлықтар ұтысына қатыстыру болған.

ҚМА дерегінше, сатылған бейнематериалдардың басым бөлігі ашық дереккөздерден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған. Бұл курстардың нақты білім беру құндылығы болмаған және заңсыз лотерея қызметін жасыру үшін пайдаланылған.

Сондай-ақ жүлде қоры блогерлердің жеке қаражаты есебінен емес, қатысушылар төлеген қаражат арқылы қалыптастырылғаны анықталған. Бұдан бөлек, көп репост жасаған қатысушыға 11-ші автокөлік табысталғаны туралы мәлімдеме жасалғанымен, іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған және сыйлық табысталмаған.

«Нәтижесінде азаматтардан «Zhana Business» ЖШС бақылауындағы шоттарға түскен қаражат көлемі 247,5 млн теңгені құраған. Оның 60 млн теңгесі депозиттік шоттарға орналастырылған. Сот санкциясымен 17 iPhone ұялы телефонына, Lamborghini Urus пен Lexus LX 600 автокөліктерін қоса алғанда 10 көлікке тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған»,-деді Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдіктілер қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқу үшін