NoFake

«Қызыл Таң» ғимараты сүрілмейді — Алматы әкімдігі

Фото: Алматы прокуратурасы

Әлеуметтік желіде тарихи «Қызыл Таң» ғимараты сүрілуі мүмкін, оның орнына биік әкімшілік ғимарат салынады екен деген ақпарат шықты. Бұл жаңалыққа алматылықтар алаңдап, желіде наразылық білдіріп жатыр. Себебі 1913 жылы ашылған сауда үйі қала символына айналған, онда ондаған жыл бойы мата сатылады.

Алайда, бұл қауесет расталмады. Алматы қаласының әкімдігі ғимарат сүріледі деген ақпаратты жоққа шығарып, «Қызыл Таң» ХХ ғасырдағы қалалық сәулеттің маңызды үлгілерінің бірі екенін атап өтті.

Мәселе мынада, 23 қыркүйекте атқару парағы негізінде шарт талаптарын орындамаған кәсіпкерлерге қатысты мәжбүрлеп босату шаралары жүргізілді. Жеті қосалқы жалға алушы 3 қазанға дейін ғимаратты босатуы тиіс.

Аталған ғимарат жеке компанияның сенімгерлік басқаруында болған. Алайда компания келісім-шарт талаптарын орындамаған: күрделі жөндеу жүргізбеген, инвестиция салмаған, тек үй-жайды қосалқы жалға берумен айналысқан. Сондықтан нысан қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды.

Оқу үшін