NoFake

ҚМДБ: Дұғаны сатып алу немесе сату – шариғатқа қайшы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы желіде тараған «қасиетті дұғаны сатамын» деген блогердің бейнеролигіне қатысты түсініктеме берді. Басқарма өкілдері дұғаны сату немесе сатып алу шариғатқа қайшы екенін ресми түрде растады.

«Дұға – пенде мен Жаратушы арасындағы рухани байланыс. Ол ешқашан саудаға салынбайды. Дұғаны сатып алу немесе сату – шариғатқа қайшы. Мұндай әрекеттер халықты шатастырып, дініміздің асыл құндылықтарын коммерцияға айналдырады. Әрбір мұсылман дұғаны ықыласпен өзі жасай алады, бұл үшін ақша төлеудің еш қажеттілігі жоқ», — деп мәлімдеді басқармада.

Маман мұсылман қауымға қажетті ақпарат ресми дереккөздерде әрдайым қолжетімді екендігін еске салды.

«Діни мағұлұматты тек ресми дереккөздерден алу қажет. Интернеттегі кез келген діни мазмұндағы ақпаратқа сенуге болмайды, себебі оны таратушылардың арасында маман еместер де, жат ағым өкілдері де болуы мүмкін. Сондықтан muftyat.kz ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды пайдаланған жөн», -деді пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы.

Оқу үшін