NoFake

«Қайрат» пен «Реал» ойнына билеттер 23 қыркүйек сатыла бастайды

Фото: FCKairat.com

Фото: FCKairat.com

Ресми не деп хабарланды?

Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялап, «Қайрат» – «Реал» ойынына алдын ала сатылым не брондау басталды деген мәліметті теріске шығарды. Билеттердің сатылымы 23 қыркүйекте, Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Баға диапазоны: 30 000 – 250 000 теңге.

Клубтың мәлімдемесі: «Билет бағасы УЕФА-мен келісілген және чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі барлық өз алаңымыздағы матчқа бірдей болады».

Шектеулер және тексеру

Бір адамға 2 билеттен артық берілмейді. Кіруде ЖСН/төлқұжат деректері мұқият тексеріледі.

Абонемент иелеріне

Абонемент иелері өз орындарын алдын ала тиімді бағаға сатып ала алады. Әр абонентке сатылым басталғанға дейін жеке хабарласады.

Қайдан сатып алуға болады

fckairat.com, Qairat Superapp және ticketon.kz арқылы.

Жалған ақпарат туралы ескерту

Билеттердің алдын ала сатылымы туралы ақпарат жалған болып шықты. Клубтың хабарламасында: «Алдын ала сатылым немесе билет брондау туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жанкүйерлерді жалған хабарламаларға сенбеуге және билетті бейресми арналар арқылы сатып алмауға шақырамыз» деп көрсетілген.

Оқу үшін