NoFake

Құрылыс саласындағы алаяқтық: азаматтарды қорғау тетіктері

Астана әкімдігі.

Қазақстан құрылысшылар одағының Астана қаласы бойынша директоры, «Атамекен» ҰКП құрылыс саласы бойынша салалық кеңесінің төрағасы Вячеслав Лазарев үлескерлер алданып қалуының басты себебі – заңды тетіктердің сақталмауы екенін айтады.

«Өкінішке қарай, елімізде салынып жатқан тұрғын үй нысандарының 62 пайызы үлескерлердің қаражатын тарту кезінде лицензиясыз жұмыс істейді. Бұл – алаяқтықтың негізгі көзі. Әдетте компаниялар «алдын ала сатып алу», «инвестициялау», «броньдау» секілді түрлі келісімшарттар ұсынады. Бірақ олардың ешқайсысы үлестік құрылыс шартына жатпайды. Бұл – халықты алдаудың ең кең тараған тәсілі», – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, азаматтар үлескер атанар алдында компаниядан заңды құжаттарды талап етуге тиіс.

«Қазақстанда үлескер қаражатын тартудың үш заңды жолы бар: «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі, әкімдіктің рұқсаты немесе екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландыру. Барлық ресми ақпарат homeportal.kz сайтында ашық тұр. Сондықтан азаматтар ешқашан бейресми келісімшарттарға қол қоймауы керек. Әйтпесе құрылыс ұзаққа созылып, тіпті мүлдем аяқталмай қалуы ықтимал», – деп түсіндіреді Лазарев.

«Үй де жоқ, жер де жоқ, ақша да жоқ»: үлескерлердің оқиғасы

Астанадағы «Құрманғазы» тұрғын үй кешенінің жүзден астам үлескері пәтерсіз әрі ақшасыз қалу қаупінде отыр. Олар «Inter Stroy» ЖШС-нің уәделеріне сеніп, қаржыларын баспана алуға құйғанымен, құрылыс аяқсыз тоқтап қалған. Қылмыстық іс қозғалғанына қарамастан, тұрғындар салған қаражатынан айырылып қаламыз ба деп алаңдайды.

«Бізде жүзден аса үлескер бар. Бәріміз осы «Inter Stroy»-ға алдандық. Жер жоқ, үй жоқ, ақшамыздың қайда кеткенін білмейміз. Мысалы, мен өзім 13 миллион теңге салдым. Әлі күнге дейін бір шешім жоқ», – дейді үлескерлердің бірі Гүлмира Аяғанова.

Үлескерлердің айтуынша, компания 2024 жылдың қараша айына дейін әкімдіктен жобалау жұмыстарына қаулы алып, жерді жалға алған. Сол кезде аумақ қоршалып, алғашқы жұмыстар басталған. Алайда көп ұзамай әкімдік құрылысқа рұқсат бермей, нысан тоқтап қалған. Соған қарамастан компания пәтерлерді сатуды жалғастыра берген.лардың арасында көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты әйелдер бар. Бұл жағдай тек қаржылық емес, әлеуметтік тұрғыдан да ауыр соққы болып отыр.

Оқу үшін