NoFake

«Қайрат/Реал» ойыны: билеттерді алыпсатарларға ІІМ тексеру жасайды

ОКҚ баспасөз қызметі

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Алыпсатарларға қатысты ақпарат түскен жағдайда, біз тексеру жүргізуге дайынбыз. Бірақ ол үшін бізге ресми өтініш керек. Міндетті түрде тексеріс жүргізіп, процессуалдық шешім қабылдаймыз. Мен әзірге мұндай шағымдарды көрмедім, бірақ қалай болғанда да міндетті түрде тексеру шараларын жүргіземіз», — деді Санжар Әділов.

Айта кетейік, кеше әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандық танымал әншілер Нұрлан Еспанов пен Сәкен Майғазиевтің ұлдарын Алматыда өтетін Чемпиондар лигасы матчының билеттерін қайта сатты деп айыптады.

Көп ұзамай Олжас Еспанов Instagram парақшасында видеоүндеу жариялап, бұл хабарландыруды билет туралы хабарламаны өзі бөліскенін растады. Алайда ол билеттердің өзіне тиесілі емес екенін, тек танысының өтініші бойынша жарнамалап бергенін мәлімдеді. Сондай-ақ, мұны әлеуметтік желідегі белсенділігін арттыру үшін жасалған «қара пиар» мен «әзіл» деп атады. Кейінірек оның матчты стадионнан емес, достарымен бірге теледидардан тамашалағаны белгілі болды.

Оқу үшін