NoFake

Мемлекеттік Бас хатшы желіде тараған «жаңа паспорт дизайны» жалған екенін мәлімдеді

7a4ce799 93e5 481d 9358 3e28c34b70c3

Коллаж: nofake.kz/

Threads желісінде қолданушылар Қазақстанның шетелдік паспортының жаңа нұсқасы деп қою көк түсті төлқұжаттың суреттерін жаппай тарата бастады. Пайдаланушылар оның түсі мен элементтерін Оңтүстік Корея паспортына ұқсатып, ресми жаңа дизайн сол болуы мүмкін деген болжамдар жазды. Желіде түрлі эскиздер мен балама нұсқалар пайда болып, ақпарат үлкен талқылауға ұласты, деп хабарлайды nofake.kz/.

Алайда Мемлекеттік Бас хатшы Ерлан Қарин бұл фотолардың шынайы емес екенін ресми түрде хабарлады.

«Бұл – жаңа паспорттың дизайны емес. Желіде жүрген басқа үлгілер де – жай ғана бастамашыл жобалар. Негізгі ресми концепция мүлде басқа. Қазір дизайн-макетті жинақтау және соңғы толықтыру жұмыстары жүріп жатыр», – деп жазды Бас хатшы.

Ол сондай-ақ жаңа төлқұжаттың басты мақсаты – визуалды жаңарту емес, қорғаныс және қауіпсіздік элементтерін күшейту екенін атап өтті. Паспорт дизайны өте күрделі микродетальдардан тұратындықтан, әзірлеу процесі де күрделі.

«Жаңа дизайн ең алдымен қорғау деңгейін арттыру үшін жасалады. Гравировка элементтері өте ұсақ: сызықтардың қалыңдығы 50 микронға дейін, микромәтіндер мен символдар 100–150 микронға дейін жетеді. Бұл – миллиметрдің оннан бір бөлігі», – деді ол.

Осылайша, әлеуметтік желілерде тараған көк түсті паспорт фотосы ресми дизайн емес, Қазақстанның жаңа төлқұжат үлгісі әлі бекітілмеген және әзірлену кезеңінде. Қазақстанда жаңа паспорт дизайнын әзірлеу жұмыстары 2025 жылдың ақпан айында басталды. Бұл туралы Бас хатшы